«Бақытты балалық шақ»

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің кәсіподақ ұйымы 1 маусым күні Студенттер сарайының фойесінде университеттің профессор-оқытушылары мен қызметкерлерінің бүлдіршіндеріне арналған мерекелік шарасын ұйымдастырды.Шараға кітапхана тарапынан «Бақытты балалық шақ» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Шараныңмақсаты – балалардың санасына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыру, кішіпейілдікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу.

«Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған кітап көрмесі

2017 жылдың 29-31 мамыр  аралығында  университет  кітапханасының барлық оқу ғимараттарында, 31-мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне байланысты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

EXPO-2017 көрмесі: Елдіктің ерен жеңісі

Дүниежүзілік маңызы зор «Expo-2017» көрмесінің де басталар шағы таяу. Елімізде алғаш рет өткізілгелі отырған бұл көрменің кез келген Қазақстандық үшін маңыздылығы зор екендігі де айқын. Бұған дейін Шығыстың және Батыстың жоғары деңгейде дамыған қалаларында өтіп келген бірегей көрме Шығыс пен Батыстың арасындағы алтын көпір іспеттес жаңа да, әсем қала, болашақтың қаласы – Астанада өткелі тұр. Мұндай дәрежеге,әрине, тұғырлы тәуелсіздігіміздің арқасында қол жеткізіп отырмыз.

Университет кітапханасындағы сирек кітаптар көрмесі

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті кітапханасының анықтама-библиографиялық бөлімінде «Сирек кітаптар әлемі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Ғылыми кітапханамызда 200-ден астам кітап қоры жинақталған. Көрмеге қазақ және орыс тіліндегі ең көне еңбектер қойылды.

Көрмеде университеттің профессор-оқытушыларының, соның ішінде философия ғылымдарының докторы, профессор А.Айталының жеке кітапханасынан және университет кітапханасына сыйға тартқан әдебиеттері бар.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАНДАР!

Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің кітапханасында Жеңіс күніне орай «Ерлік ешқашан ескірмейді» атты кітап көрмесі жасақталды.

Ұлы Отан соғысына арналған шаралар аясында және студенттерге патриоттық тәрбие беру мақсатында университет кітапханасының оқу залында Жеңіс күніне орай кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Кітап көрмесіне 1941-1945 ж. соғыс туралы тарихи, деректі және көркем әдебиеттер қойылған.

Беттер